Қоғам
Пресс-релиз

«Референдум – 2026» онлайн марафоны өтеді

«Референдум – 2026» онлайн марафоны өтеді

2026 жылғы 15 наурызда елдегі маңызды саяси оқиғаға арналған «Референдум – 2026» онлайн марафоны ұйымдастырылады. Тікелей эфир сағат 09:00-де басталып, түнгі 00:15-ке дейін жалғасады, деп хабарлайды KazFace.kz. 

15 сағаттық марафон барысында референдум күнінің негізгі сәттері көрсетіліп, қоғам өкілдері мен сарапшылар өз пікірлерін білдіреді. Іс-шараға саяси қайраткерлер, қоғам белсенділері, өнер және мәдениет өкілдері, сондай-ақ стартаперлер қатысады.

Марафон аясында бірнеше алаң жұмыс істеп, пікірталастар, блиц-сұхбаттар, концерттік бағдарлама және инновациялық жобалардың таныстырылымы өтеді. Сонымен қатар, роботтардың қатысуымен жүргізілетін бағдарламалар мен голограмма-шоу көрермен назарына ұсынылады.

Онлайн марафон республикалық және аймақтық БАҚ-тың ресми сайттары мен әлеуметтік желілерінде тікелей эфирде көрсетіледі.