Қоғам
Пресс-релиз

Қазақстанның Кәсіподақтар федерациясы жаңа Конституция жобасын қолдады

Қазақстанның Кәсіподақтар федерациясы жаңа Конституция жобасын қолдады

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Конституциялық комиссияның 10-отырысында жаңа Конституция жобасы еңбек адамдарының мүддесімен үндесетінін мәлімдеді, деп хабарлайды KazFace.kz.

Оның айтуынша, құжат әзірленген кезде қоғамға және әрбір азаматтың өміріне ұзақ мерзімді әсері ескерілген.

Федерация төрағасы кәсіподақтар үшін Конституция жобасын талқылау үдерісінің ашық өтуі және еңбек ұжымдарының кеңінен қатысуы маңызды болғанын атап өтті. Өңірлерде өткен кездесулерде еңбек қауіпсіздігі, жұмыскерлердің әлеуметтік қорғалуы және болашаққа деген сенім сияқты өзекті мәселелер көтерілген.

Сатыбалды Дәулеталин жаңа Ата Заңда Қазақстанның әлеуметтік мемлекет ретінде айқындалуы мен адамның ең жоғары құндылық деп танылуы жалдамалы жұмыскерлер үшін ерекше мәнге ие екенін жеткізді. Оның пікірінше, мемлекет еңбек етіп, өнім өндіретін адамдардың мүддесін басты назарға алуы тиіс.

Осыған байланысты Қазақстанның Кәсіподақтар федерациясы жаңа Конституция жобасын қолдайтынын ресми түрде мәлімдеді. Спикер сөз соңында қоғамның бірлігі мен ортақ жауапкершілік тұрақты дамудың негізгі кепілі екенін атап өтті.