Қоғам

СҚО да мектеп автобустарын пайдалану кезінде заңбұзушылықтар анықталды

СҚО да  мектеп автобустарын пайдалану кезінде заңбұзушылықтар анықталды

Балауса ЖАҚСБАЙ

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы мектеп автобустарын пайдалану барысында жол қозғалысы ережелері мен жолаушыларды тасымалдау қағидаларының өрескел бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды KazFace.kz.

М.Жұмабаев және Ғ.Мүсірепов аудандарында автобустар сары түсті жарқылдақ маяктармен және «Балаларды тасымалдау» белгілерімен толық жабдықталмаған. Ғ.Мүсірепов ауданындағы Шоптыкөл ауылының автобусында қауіпсіздік белдіктері жарамсыз болған. Бірқатар мектеп автобустарында дабыл түймелері жұмыс істемеген, өрт сөндіргіштердің қолдану мерзімі өтіп кеткен.

Петропавл қаласында жекелеген жүргізушілер жолға шығар алдында міндетті медициналық тексеруден өтпеген. Прокурорлық қадағалау нәтижесінде кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылып, барлық бұзушылықтар жойылды. 

Қабылданған шаралар 457 оқушының құқықтарын қорғауға мүмкіндік берді.