Жаңалықтар
9-го марта 2024 г. 04:48
“Әрине ол біз үшін үлкен шок болды, егіз сосын үшем. Аралары кішкентай болды. Дәрігерлер көп жаман прогноз қойды. Бір кесареводан кейін екіншісіне шыдамайсың деді”, - дейді батыр ана.
“Түнде күйеуім көмектеседі, таңертең мамам көмектеседі. Үшеуміз үш сменге бөлініп, жан-жақтан қарап үлгөреміз”, - деп бөліседі Ажар.
"Сол уақытта менде онкология деп ойладым. Дүрбелеңге салынып, көз жасыма ерік бердім. Күйеуіме қоңырау шалып, қорқынышты диагноз болып жатқанын айттым. Себебі шаршау, тітіркену, менструальдық циклдің ауысып кетуі, мұның барлығы бір уақытта болды. Күйеуім бірінші анализ тапсырып, УДЗ-ға (УЗИ) түс деп айтты. Күдігіміз теріске шығып, ультрадыбыстық аппаратта үш эмбрионды көрсетті. Күйеуім екеуміз тез арада анализ жасайтын емхананы тауып, бірден сол жаққа жол тарттық. Дәрігер маған "Құттықтаймыз, аяғыңыз ауыр!" деп хабарлады. Келесі аптада балалардың жүрек қағысын естуге келіңіз деп айтты”, – деп еске алады жас ана.