Стэнфордтан грант ұтқан Әмира
Қазақ қызы әлемдегі ең мықты университетке оқуға түсті, деп хабарлайды KazFace.kz.
Нұрорданың түлегі, 17 жасар Әмира Махмеджан Стэнфорд университетінен 86%-дық грант ұтып алды. Бұл дегеніміз оның оқу ақысы, жататын орны және кампустағы басқа да шығынын жабады деген сөз. Әмира "компьютер ғылымдары" мамандығын таңдаған екен. Оның арманы IT саласында қызмет ету.
- Стэнфорд бұл менің бала кезден армандаған университетім болды. Арманыма жету жолында әрқашан көмектескен мектебіме, мұғалімдеріме үлкен алғыс білдіремін. Келесі жылдары түсетін оқушыларға менің бір кеңесім бар: бойыңыздағы қабілеттерді ашып, мықты және әлсіз тұстарын дамытып, өзіңізді танудан ешқашан шаршамаңыз. Бәріңізге сәттілік! - дейді Әмира.
Әмира 7 сыныптан бастап шетелге оқуға түсемін деп алдына айқын мақсат қойған. Сол жолда тыңбай еңбек етіп, түрлі олимпиадаларда білімін сынаған. Ол республикалық және халықаралық информатика олимпиадаларының, Informatrix халықаралық олимпиадасының жеңімпазы, Nurorda Arduino Hackathon-ның және қыздарға арналған кодинг клубтың ұйымдастырушысы, ПРООН үшін GenderBot телеграм ботынын негізін салушы және тағы басқа зерттеу мен проектілердің қатысушысы.
Айта кету керек, Стэнфорд университеті - АҚШ-тың Калифорния штатындағы Пало Альтода қаласында орналасқан дүниежүзіндегі ең мықты университеттердің бірі. Университет жыл сайын 6700 студент пен 8000 аспирантты қабылдайды. Аталған оқу орнын бітірген түлектер Yahoo!, Google, Electronic Arts секілді алып компаниялардың негізін қалаушылар болып есептеледі. 2011 жылы QS World University Rankings рейтингісі бойынша Стэнфорд университеті әлемдік рейтингте 11-орынды иеленген.