Жұлдыздар өмірі

Мадина Садвакасова баласының 10 жасына Lexus сыйлады

Мадина Садвакасова баласының 10 жасына Lexus сыйлады

Балауса ЖАҚСЫБАЙ 

Қазақстанның эстрада жұлдызы Мадина Садвакасова баласының 10 жасына су жаңа автокөлік алып берді,-деп хабарлайды KazFace.kz.

Әнші өзінің су жаңа көлікті ұлы Әнуарға сыйлап жатқан видеосын Instagram парақшасында жариялады.


Өз жазбасында “Әнуар машинасын ауыстырды! Су жаңа 2024 жылғы. Ойлап қалмаңыз өзі рульге отырады деп, әрі бері мектеп, баскетбол, бассейнге алып жүретін көлігін жаңарттық. Құтты болсын, жаңа көлік! Туған күн жалғасуда. Сіздердің де балаларыңызға жұғысты болсын”, - деп жазды Садвакасова.

Бұл бейнежазба астына оқырмандары “мақтаншақ”, “жас балаға осындай сыйлық жасай ма?”, “біреу нанға жарымай жүрсе, бұлардыкі не қылғаны”, “әлі жас қой”, деп сынға алуда.