Әлем жаңалықтары

Түркияда мектептегі атыстан 16 адам жарақат алды

Түркияда мектептегі атыстан 16 адам жарақат алды

Жұлдыз ОРАЗХАН

Түркияның Сиверек қаласында орналасқан оқу орындарының бірінде қарулы шабуыл тіркелді. Оқиға салдарынан бірнеше адам жарақат алды, деп хабарлайды KazFace.kz.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, шабуылды осы мектептің бұрынғы оқушысы жасаған. Ол басқа оқу орнына ауыстырылғаннан кейін наразылық білдіріп, қарумен мектеп аумағына келген. Күдікті алдымен сыртта, кейін ғимарат ішінде оқ атқан.

Оқиға кезінде мектеп ішінде дүрбелең туып, оқушылар мен мұғалімдер қауіпсіз жерге жасырынуға тырысқан. Оқиға орнына жедел түрде полиция қызметкерлері жетіп, аумақ толық қоршауға алынды.

Ресми деректер бойынша, шабуыл салдарынан 16-дан астам адам жарақат алған, олардың қатарында оқушылар, мұғалімдер және құқық қорғау қызметкері бар. Қаза тапқандар туралы ақпарат тіркелмеген.

Күдікті құқық қорғау органдары тарапынан қоршауға алынғаннан кейін өз-өзіне қол жұмсаған.

Қазіргі уақытта оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Құзырлы органдар шабуылдың нақты себептері мен қарудың қайдан алынғанын анықтап жатыр.