Журналист: «Құндылықты орфографиямен өлшейміз бе?»
Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай жаңа конституцияда “Тәуелсіз” бен “Егемен” сөздерін басты әріппен жазу туралы өзгеріс енгізгілгенін айтты. Журналист Гүлбану Әбенова бұл оймен келіспейтінін жазып, өзгеріске қатысты талдау жасады, деп хабарлайды KazFace.kz.
Мақсат Толықбай бұл өзгерісті былай түсіндірді.
“Бұдан былай диктант жазатын баладан бастап бәріне қатысты. Егемен”, “ Тәуелсіз” деген сөз сөйлемнің басында не ортасында болса да үлкен әріппен жазылуы керек. Себебі, бұл біздің басты құндылығымыз”, - деді ол.
Журналист болса қазақ тілінің ережесіне сәйкес бұл дұрыс емес деп жазды.
“Ережеде абстракт ұғымдар: тәуелсіздік, бостандық, әділеттілік кіші әріппен жазылады. Бас әріппен тек ресми атаудың құрамында ғана жазылады. Мысалы: Тәуелсіздік күні. Бұл идеология емес, грамматика”, деді ол.
Сондай ақ жазбада неге тек «Тәуелсіздік» сөзін құндылық деп аламыз,
Бостандық?Заң?Адам?Мемлекет?Халық?
Қазақ?Қазақ халқы? Қазақ тілі?деген сөздер несімен кем деп салыстыра айтты.
“Шынайы мықты құндылық өмірде жұмыс істейтін құндылық. Ол институттарда, заңдарда, нақты тәжірибеде көрінеді.
Бас әріп мағына қоспайды. Маңыздысы форма емес, мазмұн. Мені осыған кеңестік мектепте үйреткен. Айтпақшы, мен парламент, мәжіліс, президент сөздерін әрдайым кіші әріппен жазамын. Олар «халық» сөзінен несімен жоғары?” , деп түйіндеді ойын журналист.