Жаңалықтар
2-го июля 2023 г. 09:58
Қазақстанда шілденің бірінші жексенбісі - Ұлттық домбыра күні, деп хабарлайды KazFace.kz.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады.
"Баршаңызды Ұлттық домбыра күнімен құттықтаймын! Көне дәуірден жеткен бұл аспап халқымыздың болмыс-бітімін, салт-дәстүрі мен мәдениетін айшықтайды. Рухымызды көтеріп, мерейімізді өсірген қара домбыра асыл мұрамызға, ұлттың символына айналды. Біз оны жан-жақты дәріптей береміз", – деп жазды мемлекет басшысы Twitter парақшасында.
Еске сала кетейік, ұлттық аспабымызды ұлықтауға арналған бұл мереке ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен 2018 жылдан бері елімізде кеңінен аталып өтеді.