Жаңалықтар

Подполковник Айжан Аймағанова жаңа қызметке тағайындалды

Подполковник Айжан Аймағанова жаңа қызметке тағайындалды

24 жылға сотталған Қуандық Бишімбаев ісі бойынша мемлекеттік айыптаушы болған прокурор Айжан Аймағанова жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Kazface.kz.

 

Прокурор қазіргі уақытта  мемлекеттік айыптауды қолдау және Астана қаласы прокуратурасының апелляциялық сатысына қатысу басқармасының бастығы қызметіне тағайындалды.

 

Еске салсақ, бұған дейін Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша көпшілікке танылған  Айжан Аймағанованың шені жоғарылап, подполковник  атанған еді.

 

Ол Instagram желісіндегі парақшасында жаңа погонымен түскен видеосын жариялады. Әлеуметтік желі қолданушылары оны қуана құттықтаған болатын.