Мәдени айнасы

Қазақстанда жасанды интеллектке арналған кинофестиваль өтеді

Қазақстанда жасанды интеллектке арналған кинофестиваль өтеді

Осы күзде Қазақстанда Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) – жасанды интеллект көмегімен түсірілген фильмдерге арналған халықаралық фестиваль өтеді. Бұл – еліміздегі осындай форматтағы алғашқы ірі алаңдардың бірі болмақ, деп хабарлайды KazFace.kz.

Фестиваль кино мен жаңа технологияларды біріктіріп, авторлар, digital-креаторлар, сарапшылар, инвесторлар және IT-компания өкілдерін бір ортаға жинайды.

Негізгі мақсат – жасанды интеллект пен кино индустриясының тоғысында пайда болған жаңа бағыттарды дамыту.

Фестиваль аясындағы басты оқиға – жүлде қоры 1 миллион долларды құрайтын қысқаметражды фильмдердің халықаралық байқауы. Ұйымдастырушылар әлемнің әртүрлі елдерінен қатысушыларды тартуды көздеп отыр.

Бағдарламада AI-контентке арналған конференциялар, авторлар мен продюсерлерге арналған питч-сессиялар, фильм көрсетілімдері және сарапшылардың қатысуымен өтетін пікірталастар жоспарланған.

Astana AI Film Festival кино өндірісінің барлық кезеңдерін қамтиды. Әсіресе, жасанды интеллект пен дәстүрлі тәсілдерді біріктіретін гибридті жобаларға ерекше назар аударылады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль тәжірибе алмасуға, жаңа идеяларды қолдауға және контент индустриясындағы заманауи үрдістерді дамытуға серпін береді.

Фестиваль бағдарламасы мен қатысу шарттары туралы толық ақпарат алдағы уақытта ресми сайтта жарияланады.