Динара Егеубаева өртенген автокөлігін көрсетті
Соңғы кезде қоғамдық-саяси мәселелерді көтеріп жүрген журналист Динара Егеубаеваның автокөлігі өртенді. Бұл туралы әлеуметтік желіде видео таралды.
Түн ортасында тұрғын үйлер ауласында "KIA soul" маркалы автокөлігі түтіндеген. Куәгерлердің айтуынша, көліктің артқы терезесінен жанғыш зат көлік ішіне қасақана лақтырылуы мүмкін.
Журналистің өміріне қастандық жасау бірінші рет емес. Өткен жылдың күзінде бірнеше мәрте көлігін желімдеп, дөңгелегін жарып кеткен жағдайлар орын алғандығы туралы Динара Егеубаева мәлімдеген болатын. Тіпті, полиция қызметкерлерінің қысым көрсеткені тағы бар.
Еске сала кетейік, Динара бірнеше жылдар телеарнада қызмет атқарған. Ол "Қаңтар оқиғасы" туралы мәселелерді көтерген. Сонымен қоса, Украинада соғыс ортасында болып, Президент Кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подолякпен кездескен. Ресейдің әскери агрессиясы, Мәскеуден Қазақстанға төнетін қауіптер туралы даулы мақалалар жазған.