Спорт әлемі

Қазақстандық теннисші Australian Open турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Australian Open турнирінің ширек финалына шықты

Жұлдыз ОРАЗХАН

Қазақстандық 17 жасар теннисші Заңғар Нұрланұлы Australian Open–2026 жасөспірімдер арасындағы турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды KazFace.kz.

1/8 финал кезеңінде ол ресейлік теннисші Савва Рыбкинмен кездесіп, матчты 6:1, 6:4 есебімен өз пайдасына аяқтады. Кездесу 1 сағат 19 минутқа созылды.

Осы жеңістің арқасында Заңғар Нұрланұлы жартылай финалға шығу үшін әлемдік рейтингте 1945-орында тұрған Гонконг өкілі Кай Томпсонмен бақ сынасады.