Билік
Пресс-релиз

«Заң мен Тәртіп» – Әділетті Қазақстанның негізіне айналмақ

«Заң мен Тәртіп» – Әділетті Қазақстанның негізіне айналмақ

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның үшінші отырысында Қазақстан Халық партиясының өкілі Магеррам Магеррамов президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларына партияның белсенді қатысып жатқанын атап өтті, деп хабарлайды KazFace.kz.

Оның айтуынша, Конституцияға өзгерістер енгізу – ел дамуы үшін тарихи маңызы бар процесс.

Магеррамов пропорционалды негізде құрылатын бір палаталы парламент құру саяси партиялардың рөлін арттырып, көппартиялық өкілдікті нығайтатынын айтты. Бұл бастама саяси диалогты жандандырып, заң шығару процесінің тиімділігін күшейтеді.

Сонымен қатар, партия өкілі Конституцияда «Заң мен Тәртіп» қағидатын бекіту азаматтардың құқықтары мен міндеттерінің теңгерімін қамтамасыз етіп, саяси жүйенің тұрақтылығы мен қоғамдағы әділеттілікті нығайтуға ықпал ететінін жеткізді.