Жаңалықтар

Зорлық-зомбылық көрсеткен болашақ дәрігер неге бостандықта жүр?

Зорлық-зомбылық көрсеткен болашақ дәрігер неге бостандықта жүр?

Медицина университетінің студенті жеке меншік Amara Investment ауруханасына жұмысқа орналасып, науқастарға зорлық-зомбылық көрсеткен, деп хабарлайды KazFace.kz 

 Студенттің мұндай әрекеті 2021 жылдан бері бастау алған. Ол егде жастағыларға және онкологиялық ауруға шалдыққан науқастарға күн көрсетпеген. 

«Бейнежазбада зейнетке шыққандар мен науқастар. Студент оларға қол көтеріп, ұрғаны және нәжістерін жегізіп мәжбүрлегені көрініп тұр. Бұл жайт белгілі болған кезде, оны бірден жұмыстан шығарып жіберген»-дейді заңгер Мерхат Ахметолдин.

 Студент бұдан кейін «Астана сити групп» деп аталатын мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығына жұмысқа орналысады. Бұл жерде де ол науқастарға зорлық-зомбылық көрсетуді жалғастырған. 

 Науқастардың бірі анонимді хабарлама жібергеннен кейін, бірақ полиция қызметкерлері бұл туралы хабардар болған. Тергеу жұмыстары басталып, «Азаптау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алайда сот студентті қамауға алудан бас тартты. Заңгердің сөзінше, болашақ дәрігердің қалталы туыстары араласқаннан кейін бұл іс әрмен қарай қаралған жоқ. 

 Жәбір көрген науқастардың туыстары полиция қызметкерлеріне жазған арыздарын қайтарып алған. Ал кейбір науқастар аруханада көз жұмған. Қазір студенттен зорлық-зомбылық көрген 3 адам тірі. 

 Сөйте тұра қылмыстық іс қозғалып, студент жауапқа тартылмай отыр. 

 Айта кетейік, жақында ол қолына дәрігердің дипломын алады.