Мәдени айнасы

Димаштың әні Польша чартының көшін бір жыл бойы бастап тұр

Димаштың әні Польша чартының көшін бір жыл бойы бастап тұр

Балауса ЖАҚСЫБАЙ

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің «Love’s Not Over Yet» атты композициясы Польшадағы Radio Olsztyn радиосының хит-парадында қатарынан 52 апта бойы бірінші орынды иеленіп келеді, деп хабарлайды KazFace.kz  Dimashnews сайтына сілтеме жасап.

Деректерге сүйенсек, бір жылдық ротация барысында ән тек бір рет қана екінші орынға түсіп, небәрі бір аптадан кейін қайтадан көш басына оралған. Қазіргі таңда хит-парадта әннің мәртебесі «1. Bez zmian. 52 tydzień na liście» деп белгіленген. Қазақша аудармасы — «1. Өзгеріссіз. Тізімде 52-апта».

Бұл көрсеткіш Димаштың туындысы Польша чарты тарихындағы ең ұзақ уақыт бойы бірінші орында тұрған әндердің бірі екенін айғақтайды. Әннің мұндай табысқа жетуіне тек сапалы музыкалық өнім ғана емес, сонымен қатар поляк тыңдармандарының зор қолдауы да әсер еткені анық.

Айта кетейік, 5 наурызда Астанада өткен ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының марапаттау рәсімінде Димаш Құдайберген түркі әлемі мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін арнайы наградаға ие болды.