Жұлдыздар өмірі

Тұрсынбек Қабатовтың екінші отбасы бар екені рас па?

Тұрсынбек Қабатовтың екінші отбасы бар екені рас па?

Балауса ЖАҚСЫБАЙ

Әлеуметтік желіде Қабатовтың екінші әйелі бар деген мәлімдеме тарады. Тоқалы 1997 жылы туған, Қызылорда облысы, Бесарық ауылынан шыққан деген жаңа ақпарат шықты, деп хабарлайды KazFace.kz тілшісі.

Соңғы уақытта танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың есімі түрлі қауесеттердің нысанасына айналды. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған бейресми ақпараттарға сенсек, ол жұбайы Мөлдір Мұқановамен бірге тұрмайды деген сөз желдей есіп жүр.

Бейресми ақпаратта оның тоқалы Астанада тұрады, бір ұлы бар делінген. “Оған пәтер, көлік алып беріп, ай сайын қаржылай қолдау көрсетеді” деген сыбыс қазірдің өзінде әлеуметтік желілерде қызу талқылануда.

Осы күнге дейін Қабатов пен Мұқанова бұл мәселеге қатысты ешқандай ресми түсініктеме берген жоқ. Бірақ Мөлдір Мұқанова жуырда журналист Анна Данченкоға берген сұхбатында:

«Отбасымызда болып жатқан жағдай халық арасына тарап кетті. Бұл – мен үшін өте ауыр және ыңғайсыз жағдай. Бірақ менің де, баламның да болашағы бар. Сондықтан да әр сөзіңе, әр әрекетіңе абай болуға тура келеді», – деген еді.

Осы орайда, қоғамда екіұшты пікір қалыптасты: бірі танымал тұлғаның жеке өміріне қол сұқпау керек десе, енді бірі – «ел алдында жүрген соң ашық болғаны дұрыс» деген ұстанымды ұстануда.