Қазақстандық режиссер Данияр Саламаттың «Талақ» фильмі Шанхайдағы халықаралық кинофестивальда «Алтын кубок» иеленді, деп хабарлайды KazFace.kz.
Қазақ фильмі әлемнің 14 кино туындысының арасынан үздік деп таңдалды. Кинофестиваль қорытындысында «Үздік фильм» номинациясын қазақстандық режиссер Данияр Саламаттың «Талақ» фильмі жеңіп алды. Дәл осы кинода басты рөлді сомдаған Амира Омарова үздік актриса деп танылды.
Биыл байқауға 105 ел мен аймақтан 3,7 мыңнан астам өтінім түскен. Іріктеу процесінің қорытындысы бойынша 29 ел мен аймақтан 50 фильм бес номинация бойынша «Алтын кубок» жүлдесін алу үшін таңдалды, оның 38-і әлемдік премьера болды.
"Талақ" фильмінде басты рөлді Ерболат Әлқожа сомдаған. Фильм Бейімбет Майлиннің шығармалары желісімен түсірілген.
Айта кету керек, Шанхайда 26-шы халықаралық Шанхай кинофестивалінің «Алтын кубогымен» марапаттау рәсімі өтті. Бұл шара 1993 жылдан бері өткізіліп келеді.