Спорт әлемі
20-го февраля 2026 г. 15:39
Балауса ЖАҚСЫБАЙ
Туризм және спорт министрлігі 2025 жылы олимпиада чемпионы, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровты даярлауға бюджеттен 263 394 581 теңге бөлінгенін мәлімдеді, деп хабарлайды KazFace.kz.
Қаржы оқу-жаттығу жиындарына, халықаралық жарыстарға қатысуға, жалақы төлеуге, медициналық және ғылыми сүйемелдеуге, бағдарламалар қою мен экипировкаға бағытталған.
19 жиынға (8-і елде, 11-і шетелде) – 47 млн теңге, 5 халықаралық жарысқа – 16 млн теңге жұмсалған. Спортшының жылдық жалақысы 33,9 млн теңге болды. Жеке бапкері Алексей Урманов 26 млн теңгеден астам, хореограф шамамен 23 млн теңге алған.
Бұған қоса, жоғары нәтижелері үшін спортшы мен бапкерлер штабына біржолғы сыйақылар төленген.