Жаңалықтар

Назарбаев зияткерлік мектептерінің аты өзгереді

Назарбаев зияткерлік мектептерінің аты өзгереді

Назарбаевтың білім беру ұйымдары мен қордағы мәртебесі жойылады, деп хабарлайды KazFace.kz.

Сенат депутаттары палатаның 29 маусымдағы жалпы отырысында Нұрсұлтан Назарбаевты оның атындағы мектептердің, университеттің және қордың жоғарғы қамқоршылық кеңесінің басшысы мәртебесінен айыру туралы заңды екі оқылымда мақұлдады. Құжат мемлекет басшысына қол қоюға жіберілді.

"Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қорының» мәртебесі туралы» 2011 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына: «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры»; 2) 6-баптың 1-тармағының екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын: 8. «Жоғарғы қамқоршылық кеңестің төрағасы Қазақстан Республикасының президенті немесе Қазақстан Республикасының президенті тағайындаған адам болады. Жоғары қамқоршылық кеңес туралы ережені Жоғарғы қамқоршылық кеңестің төрағасы бекітеді", - делінген заң мәтінінде.

Бұл Қазақстан Республикасының «Кәсіби біліктілік туралы» Заңына ілеспе құжат. Атап айтқанда, ол «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қорының» мәртебесі туралы заңға мемлекет басшысының тәуелсіз Жоғарғы Қамқоршылық кеңесін құру жөніндегі өкілеттіктерін айқындайтын бөлігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін сенаттың бастамасымен Нұрсұлтан Назарбаев "Елбасы" және Конституциядағы Тұңғыш президент туралы заңдарға өзгертулер енгізіліп, бірнеше мәртебесінен айырылған болатын.