Спорт әлемі

Қазақстандық төрешінің бағасына қатысты дау шықты

Қазақстандық төрешінің бағасына қатысты дау шықты

Қысқы Олимпиада ойындары барысында қазақстандық төреші Надежда Парецкаяның бағалауына қатысты дау туындады, деп хабарлайды KazFace.kz.

Жанкүйерлердің айтуынша, төреші әйелдер арасындағы мәнерлеп сырғанаудан ресейлік спортшы Аделия Петросян өнер көрсеткен кезде ең жоғары ұпайларды, соның ішінде компоненттер бойынша максималды бағаларды қойған. Ал қазақстандық Софья Самоделкина бағдарламасына келгенде бағалау қатаң болғаны айтылуда. Нәтижесінде Самоделкина Олимпиаданы 10-орынмен аяқтады.

Әлеуметтік желі қолданушылары ерлер арасындағы жарысқа да назар аударды. Олардың пікірінше, Парецкая қысқа бағдарламада Михаил Шайдоров жетінші орынға қойған, дегенмен ол көшбасшылар қатарында болған. Бұл еркін бағдарлама алдында спортшының жағдайын күрделендіріп, тәуекелге баруына себеп болды. Шайдоров бес секіру элементін орындап, соған қарамастан алтын медаль жеңіп алып, Олимпиада чемпионы атанды.

Сонымен қатар әлеуметтік желіде Қазақстан атынан неге төреші ретінде 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Элизабет Турсынбаева жіберілмегені жөнінде де сұрақтар көтерілді.

Желі қолданушылары бұл жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитеті тарапынан ресми түсіндірме беруді талап етуде.