Жаңалықтар

Қайрат Боранбаев: "Бәрін ашық айтамын"

Қайрат Боранбаев: "Бәрін ашық айтамын"

Қамауда отырған олигарх Қайрат Боранбаев әлеуметтік желіде мәлімдеме жасады. Онда кәсіпкер шындықтың бетін ашуға дайын екенін жазады. 

"Достар, барлықтарыңыз білетіндей 2020 жылдың 17 наурызында мені 2 айға қамауға алды. Бірақ бұл мерзім, міне, 11 айға ұзарды. Осы уақыт ішінде мен туралы түрлі шындыққа жанаспайтын жаңалықтар жарияланып жүр. Сондықтан мен үндемей қалмаймын. Мен шындықтың бетін ашуға дайынмын", - делінген хабарламада. 

Еске сала кетейік, «АзияГазЧунджа» ЖШС құрылтайшылары Қайрат Боранбаев пен Роман Нахановка және «Qazaq Gaz» АҚ Басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Таир Жанұзаққа қатысты тергеу аяқталғаны бұған дейін хабарланған. Күдіктілерге сұйытылған мұнай газын сатып алу кезінде 14,5 млрд теңге ұрлады және қылмыстық кірістерді зандастырды деген айып тағылған.