Қоғам

Судья Айжан Құлбаева ерекше қауіпсіздікке алынды

Судья Айжан Құлбаева ерекше қауіпсіздікке алынды
Қоғамда резонанс тудырған Бишімбаев ісі сотын жүргізетін судьяға белгісіз біреулер телефон арқылы қоқан-лоққы жасаған, деп хабарлайды KazFace.kz.

Астана қаласының полиция департаменті судья Айжан Құлбаеваға қатысты қорқыту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Судьяның ұялы телефонына белгісіз нөмірден қоңыраулар мен қорқыту хабарламалары түскен.

Қылмыстық кодекстің 407-бабы 1-бөлігі («Сот төрелiгiн іске асыруға кедергi жасау мақсатында соттың қызметiне араласу») бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды, – делінген хабарламада.

Сол себепті судья бұдан былай ерекше жеке қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етіледі.