Қоғам

Astana LRT нысанында өрт шықты

Astana LRT нысанында өрт шықты

Астанада Astana LRT желісінің Сарайшық ауданындағы (Нұрмағамбетов көшесі бойында) станциясында өрт тіркелді, деп хабарлайды KazFace.kz.

Оқиға орнында жедел қызметтер шұғыл жұмыс істеп, тілсіз жау дер кезінде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Қазақстан Республикалық төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, электр қалқанындағы кабельдер мен құрылыс қоқысы жанған.

Құтқарушылар өрттің таралуына жол бермей, қысқа уақыт ішінде толықтай жойған. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері анықталып жатыр.

Айта кетейік, бұл Astana LRT нысанында болған алғашқы жағдай емес. 2025 жылдың мамыр айында құрылыс алаңында құрылыс материалдары өртенсе, 2024 жылдың жазында учаскелердің бірінде фанерадан жасалған қалып (опалубка) жанған болатын.

Мамандар қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігін тағы бір мәрте еске салып отыр.