Жаңалықтар

“Сақ стиліндегі” жаңа валюта шығады

“Сақ стиліндегі” жаңа валюта шығады

Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан қаржыгерлерінің XI Конгресінде ұлттық валюта банкноталарының жаңа сериясын таныстырды, деп хабарлайды KazFace.kz.

 

Жаңа дизайн «Сақ стилі» элементтеріне негізделген және көшпенділердің бірегей мәдениетінен бастап бүгінгі Қазақстанға дейінгі ел мұрасын бейнелейді.

Алғашқы банкноттар жыл соңына дейін қолданысқа шығады. Жаңа дизайндағы банкноталар шығарылғаннан кейін алдыңғы үлгідегі банкноталар айналымнан біртіндеп алына бастайды.

   

Еске сала кетейік, Ұлттық Банк ескі және жаңа үлгідегі банкноталардың айналымда қатар жүру мерзімін 1 жыл деп белгілейді, ол қажет болған жағдайда ұзартылуы мүмкін. Ал ескі ақшаларыңызды 3 жыл ішінде жаңасына айырбастауға болады.