Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақтөбеде прокурорды ұстады
Балауса ЖАҚСЫБАЙ
Ақтөбе облысында прокуратура органдарының полковник шеніндегі қызметкері ұсталды. Бейресми мәліметтерге сәйкес, күдікті 10 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген, деп хабарлайды KazFace.kz ulysmedia.kz сілтеме жасап.
Ұстау шарасы 2026 жылғы 17 ақпанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясында жүргізілген. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жалғасуда.
Қадағалау органының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұстау жұмыстары Ұлттық қауіпсіздік комитетінің орталық аппараты және Бас прокуратураның ішкі қауіпсіздік департаментімен бірлесіп жүзеге асырылған.
Өңірлік прокуратура басқа мәліметтерді жария етпеді.
Бұған дейін қадағалау органының тағы бір қызметкері – Рудный қаласының бас прокуроры Мұрат Успанов ұсталған болатын. Ол пара беруге оқталу фактісі бойынша кінәлі деп танылып, төрт жарым жылға бас бостандығынан айырылған еді.