Жарнамада қызды ұрып-соғу, қорлау ашық түрде насихатталды
Жақында «Миллион» жайдарман командасы жарнамалық бейнежазба жариялап, желіде қызу талқыға түсті. Көптеген әлеуметтік желі белсенділері мен танымал журналистер жарнаманың мазмұнына сын тағып, өз наразылықтарын ашық түрде айтты.
Мұны заң аясында қарастыратын болсақ, ҚР қылмыстық кодексі - 125 бап – адамды ұрлау.
Ол үшін 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Адамды ұрып-соғу ҚР қылмыстық кодексі – 106 бап. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
Сондай-ақ, ҚР қылмыстық кодексі – 131 бап адамның абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiту. Бұл үшін 200 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады.
1,61 миллион көрермені бар команданың жарнамалық бейнежазбасын 2,5 миллион адам қарап үлгерген. Осы орайда қалың оқырманның сауатсыздығы ішіңді
ашытатыны рас. Көпшілігі жарнамаға деген оң көзқарасын білдіріп,
тіптен қарсылық танытпады. Керсінше қолдағандары да табылды.
Әйтсе де жарнама ашықтан-ашық зорлық-зомбылыққа үндеп, сол нәрселерді насихаттады.
Өзінен кейінгі жастарға «қызды ұруға, алып қашуға» болды дегендей ой тастап отыр.
КВН команданың бұл әрекетін қалай түсінсек болады. Жарнамаға тапсырыс бергендер мен оны орындағандар қайда қарады дейсің осындайда.
Қазақ қоғамында қызды ұрпып-соғу, қорлау, кемсіту, құқықтарын шектеу
қалыпты жағдай болмауы керек. Керсінше абыройын асқақтатып, мәртебесін көтеру қоғамның жауапкершілігінде. Қыз баласының болашақ ұрпақтың, ұлттың анасы екенін естен шығармайық.
Алмагүл ТАСТАНОВА