Мәдени айнасы

Мобилография – табыс көзі

Мобилография – табыс көзі

Мобилография – кәсіби фотоаппаратқа жүгінбей, сенсорлы телефон арқылы фото, видео түсіруге болатын жанр. Ал, «Мобилография» терминінің авторы – ресейлік суретші Дмитрий Резван. Жалпы, «Мобиль»-мобильді телефон, «граф»-жазу, суреттеу дегенді білдіреді. 2004 жылы Дүниежүзілік мобилографтар қоғамы құрылып, ұялы телефонмен фото түсіру басталды. XXI ғасырда видео түсіріп табыс көзіне айналған мобилография саласын ешкім де, ештеңе білген емес. Бірақ, қазіргі уақытта мобилография жастар арасындағы басты «трендке» айналды.

     Бұл сала дамығаннан кейін, 2015 жылы Қыран атты жас бала қазақ еліне «Мобилографияны» таныстырып, үйретіп, дамытуды шешеді. 

Қыран Талапбек – бейнеоператор, режиссер және жарнама саласындағы жоғары жалақы алатындардың бірі. 21 жасында Instagram желісіне қысқа метражды бейнеролик, жарнама түсіріп бастаған. Бала Қыран бұл саланы дамытқаннан кейін, мобилография аз уақыт ішінде үлкен сұранысқа ие мамандық болды. Бұл саланың танымалдылығы соншалықты әкімдердің, әншілердің, тіпті президенттің өзінде бір-бір мобилографтан бар.

Мобилограф тума талант деп ойламаймын. Өйткені, тек қана қызығушылық керек. Талант 1%, қалған 99%-ы еңбек. Менің 7 жыл бұрын түсірген видеоларым мен қазіргі түсірген видеоларыма қарасам айырмашылықтары жер мен көктей. Талантты болсам 7 жыл бұрын күшті түсіретін едім ғой. Бұл дегеніміз, мен білім мен күшіммен еңбек еттім. Мобилография талантты талап етпейді, кез келген сала сияқты қызығушылық пен еңбекті талап етеді, - дейді Қыран Талапбек.

    Қазіргі уақытта Қыранның 50 мыңнан аса шәкірттері бар. Курсты оқып, өз кәсібіне айналдырған жастар айына кем дегенде 300 мың теңгеден бастап табыс тауып жүр. Миллиондап табыс тауып, армандарына қол жеткізіп, шетел аралап жүргендердің де саны аз емес. Тіпті, бір орында тұрмай, шетелде мобилограф болып жұмыс жасап жүрген қазақ жастары да бар. Осылайша бір ғана ұялы телефонның арқасында табыс тауып жүргендердің саны күннен күнге артып жатыр.

Динара ӘБІЛХАН