Қоғам
30-го января 2026 г. 13:29
Балауса ЖАҚСЫБАЙ
Прокуратура өңірдегі спорт нысандарын тексеру барысында бірқатар заңбұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды KazFace.kz.
Стадиондар, бассейндер, спорт мектептері мен мұз ареналары заңсыз түрде коммерциялық мақсатта пайдаланылған.
Павлодарда хоккей корты үш жыл бойы тегін қолданылып, коммуналдық шығындар бюджеттен төленген. Спорт мектептерінде 10 млн теңгеге жуық жымқыру мен жалған төлемдер анықталды. Сондай-ақ жалған дипломы бар жаттықтырушылар мен жоқ қонақүйлермен жасалған жалған келісімшарттар салдарынан 2,8 млн теңге шығын келген.
Анықталған барлық фактілер бойынша қадағалау актілері енгізілді.