Билік
20-го июля 2023 г. 12:29
Шымкентте әкімнің орынбасары Мақсұт Исахов ұсталды, деп хабарлайды KazFace.kz
Ведомствоның мәліметінше, 20 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратурамен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховты сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұстаған.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, барлық қажетті жедел-тергеу іс-шарасы жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне қатысты өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды, - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
Атап өту керек, Мақсұт Исахов 2020 жылдың ақпан айынан бастап Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып қызмет етті.