Қоғам
15-го ноября 2023 г. 12:19
Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова премьер-министр Әлихан Смайыловқа депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды KazFace.kz.
Отбасылық зорлық-зомбылық, қатыгез патриархалдық озбырлыққа шыдамаған әйелдердің жан дауысын еститін және қатаң шара қабылдайтын уақыт жетті, – деді депутат.
Ол әйелдер мен балалар зорлық-зомбылықтың құрбаны болмас үшін тіпті жеңіл түрдегі зорлық-зомбылықты қылмыс деп тануды және қылмыскерді қатаң жазаға тартуды талап етті.