Жаңалықтар

Қарағандылықтар экологиялық акция өткізді

Қарағандылықтар экологиялық акция өткізді
Балауса ЖАҚСЫБАЙ

Қарағанды облысының тұрғындары «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын барынша қолдады, деп хабарлайды KazFace.kz.



Барлық қалалар мен аудандарда тек сенбіліктер, «таза бейсенбі» ғана емес, сонымен қатар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, туған жеріне ұқыпты қарауға бағытталған түрлі іс-шаралар өтуде. 
Сәуір айының басында Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Таза Қазақстан» акциясын қазақстандықтар кеңінен қолдады. Бұл өте қажет және маңызды, бірінші кезекте өз жерімізге, өз үйімізге ұқыпты қарауға бағытталған, - дейді жастар көшбасшысы Жанболат Жаңбырбаев.
Айте кетері, Бұқар Жырау ауданында «Таза Қазақстан» акциясына 230 ұжым – бес мыңға жуық адам қатысты. 130 арнайы техника жұмылдырылды. 10,5 мың тонна қалдық шығарылды, 44 рұқсат етілмеген полигон жойылды. «Мөлдір бұлақ» апталығында 30-дан астам бұлақ тазартылды.



Бұқар Жырау ауданында осы көктемде 5 300-ден астам ағаш егілді. Мысалы, Қарақұдық ауылында жергілікті кәсіпкерлер туған өлкесінің табиғатын жақсарту үшін акция аясында пирамидалы және күміс терек, қызыл шетен ағаштарының 400 көшетін екті. Бұл әлеуметтік жауапкершілік пен патриотизмнің үлгісі.