Жаңалықтар

Астана әкімдігінің жомарттығы: "Көпбалалы аналарға 8 625 теңге төленеді"

Астана әкімдігінің жомарттығы: "Көпбалалы аналарға 8 625 теңге төленеді"

 

 

 

8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай көпбалалы аналар мен атаулы көмек алатын отбасыларға бір реттік жәрдемақы төленеді, хабарлайды KazFace.kz. 

Мәселен, Астанада көпбалалы аналар мен табысы аз азаматтарға 2,5 АЕК, яғни 8 625 теңгеден әлеуметтік көмек беру жоспарланып отыр. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігі әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау бөлімінің басшысы Болат Жұмаділ мәлімдеді. 

- Астана қаласы бойынша 30 мыңға жуық анаға бір реттік жәрдемақы беру жоспарланған. Бұл төлем жәрдемақы алып жүрген азаматтардың шотына бірден түседі, - деді Болат Жұмаділ. 

Айта кету керек, бір реттік төлемді жергілікті әкімдіктер өздері белгілейді.