Экология министрі елорда тұрғындарын қоғамдық көлікке көшірмек
Астана қаласында экологиялық мәселелердің өршуіне байланысты экология, геология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова елорда тұрғындарын жаппай қоғамдық көліктерді пайдалануға шақырды, деп хабарлайды KazFace.kz.
Бұл туралы министр Астана қаласының Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушыларымен өткізілген арнайы кездесуінде айтты. Зүлфия Сүлейменованың пікірінше қаланың ауа сапасын жақсарту мақсатында қоғамдық көліктерді дамыта отырып, халықтың қоғамдық көлікке көшу қажет екенің жеткізді.
“Автопарктерді жаңартып, қоғамдық көлікке көшу қажет. Себебі бұл экологиялық тұрғыдан әлдеқайда таза. Мен өз басым автобуспен жүргенді ұнатамын. Баратын жеріме мүмкіндігінше қоғамдық көлікпен барамын. Мысалы Жапонияда халық метро, қоғамдық көліктермен қатынайды. Өйткені такси құны қымбат. Жапониядан елге қайтып оралғанда маған таксимен жүруді ұсынды, алайда мен ондай қызметтің бар екенін білмедім”, - деді министр.
Министірдің бұл ұсынысы әлеуметтік желіде қарапайым халық арасында қызу талқыланып жатыр. Мәселен, бірі Қазақстан мен Жапония салыстыруға келмейді десе, бірі ызғарлы суықта автобус күтіп тұру қиын екенін жазды.
Авторы: Мерей ӘМІРТАЙ