Спорт әлемі
5-го февраля 2026 г. 18:57
Жұлдыз ОРАЗХАН
Алматы қаласы 2029 жылы өтетін қысқы Азия ойындарының ресми ұйымдастырушы қаласы болып бекітілді, деп хабарлайды KazFace.kz.
Тиісті келісімге Италияның Милан қаласында Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин мен Азия Олимпиадалық кеңесінің басшысы, мәртебелі шейх Джоан бин Хамад Әл-Тани қол қойды.
Бұл шешім Қазақстанның халықаралық спорттық аренадағы беделін арттырып, елде қысқы спорт түрлерін дамытуға жаңа серпін береді. Сондай-ақ, ойындар инфрақұрылым, туризм және спорт салаларының дамуына оң әсерін тигізеді деп күтілуде.