Шахматшы Жансая тұрмыс құрды
Танымал шахматшы, гроссмейстер Жансая Әбдімәлік тұрмыс құрды, деп хабарлайды KazFace.kz.
Бұл туралы спортшы әлеуметтік желідегі парақшасына той көйлегімен түскен фотосуретін жариялап, оқырмандарына қуанышты хабарын жеткізген.
Сондай-ақ, Жансая Әбдімәліктің тұрмыс құрғанын Қазақстанның шахмат федерациясы да ресми мәлімдеген.
Барған жеріңізде бақытты болыңыз! Бүгін отандық шахматтың мақтанышы, гроссмейстер Жансая Әбдімәлік тұрмыс құрды. Жас отбасыға бақыт, береке тілейміз!», - деп құттықтады федерация.
Белгілі болғандай, шахматшы қыздың күйеу жігіті – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы, 34 жастағы Нұрахмет Нұриев. Жас жұбайлардың жас айырмашылығы бақандай 11 жас екен.
Еске сала кетейік, Жансая Әбдімәлік қазақстандық ең жас шахматшы. Ол 2008 жылы әлем чемпионы атанып, сенсация жасаған. 2011 жылы жасөспірім Жансая әйелдер арасында әлем чемпионатында жеңімпаз атанып, халықаралық шебер атағын алған. 2021 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаев шахматшыға "Құрмет" орденін табыстаған. Ал, 2022 жылдан бері Жансая Алматы шахмат федерациясының президенті.