Қоғам

"Қазақ тілі- мамбеттердің тілі",-деген алматылық бойжеткен 2 жылға сотталды

"Қазақ тілі- мамбеттердің тілі",-деген алматылық бойжеткен 2 жылға сотталды
Алматы соты әлеуметтік желіде қазақ тіліне қатысты жағымсыз пікір білдірген бойжеткенді 2 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды KazFace.kz.

Оқиға 2023 жылдың қазан айында болған. 21 жастағы Элина Лю Тик-Токта тікелей эфирде отырғанда қазақ тілін ұнатпайтынын, өйткені ол "ауылдан келген мәмбеттер ғана сөйлейтін тіл" деген. Сондай-ақ, Алматыдағы кептелістерге де сол ауылдан келгендер кінәлі деп ашық айтқан.

Эфир жазбасы желіде кең тарап, қоғамда резонанс тудырды.

Әлеуметтік желіні бақылайтын жедел уәкіл жазбадан алауыздықты қоздыру белгілерін анықтаған.

Сот Людің кінәсінің дәлелденгені туралы қорытындыға келді.
"Алматылық тұрғын ұлтаралық алауыздықты қоздырумен, ұлттық ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлаумен айналысты. Оның сөздері Қазақстан Республикасының азаматтарының азаматтық және саяси деструктивті көзқарастарын дамытады", - делінген үкімде.
Элина Лю ұлттық араздықты қоздырғаны үшін кінәлі деп танылып, ең төменгі қауіпсіздік колониясына екі жылға сотталды.