Жаңалықтар

Әр 25-түлек «Алтын белгі» иегері атанды

Әр 25-түлек «Алтын белгі» иегері атанды

Балауса ЖАҚСЫБАЙ

Қазақстанда биылғы жылы 7420 мектеп  түлегі   «Алтын белгі» алды, деп хабарлайды КazFace.kz.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, биыл 11 сыныпты 186 мың түлек аяқтады. Оның ішінде 7420 адам «Алтын белгі» белгісімен марапатталды, ал 13 727 түлек жалпы орта білім туралы үздік аттестат алды. 

Осылайша, 2024 жылы әрбір 25-түлек «Алтын белгімен» марапатталған.