Жұлдыздар өмірі

Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынды

Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынды

Балауса ЖАҚСЫБАЙ 

Танымал әнші Қайрат Нұртас Алматы-Астана бағытындағы ұшақта жанжал шығарып, кесірі жолаушыға тиген,- деп хабарлайды KazFace.kz

Бүгін Астананың әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қайрат Нұртасқа қатысты істі онлайн режимде қарады. Судья әншіні 15 тәулікке қамау туралы сот үкімін шығарды.

“Ұшақта төбелес шығару модаға айналған ба?”, “Кайроштың репертуары енді шансонға айналар ма екен?”,  “Жердегі шоулары біткесін, аспанда шоу жасап жүр”.Бұл оқырмандардың желідегі ойы. Олар әншінің  ерсі ісін құтырғандыққа балады. 

Айта кетейік, сотта Қайрат Нұртас пен Асылбек Бекқайыровтың арасындағы ұшақтағы төбелестің мән-жайы анықталды. Әртіс өз кінәсін мойындады. Дегенмен төбелесті өзі бастамағанын айтып ақталды. 

Еске салсақ, жуырда дәл осындай айыпталумен әзілкеш Тұрсынбек Қабатов қамауға алынған болатын. Алайда, оның жазасы 5 күнмен шектелді.