Әлем жаңалықтары

Сары пакет пен люкстік сөмке: Чжан Цзинъи-дің күтпеген аксессуары

Сары пакет пен люкстік сөмке: Чжан Цзинъи-дің күтпеген аксессуары

Жұлдыз ОРАЗХАН

Сары полиэтилен пакетімен қызыл кілемге шыққан қытай актрисасы Чжан Цзинъи әлеуметтік желілердің назарын бірден өзіне аударды, деп хабарлайды KazFace.kz.

Бір қарағанда қарапайым сары пакет Balenciaga брендінің сөмкесі болып шықты. 26 жастағы жұлдыз Пекин қаласындағы халықаралық кинофестивальде қара көйлекпен шығып, ал көйлектің декольте бөлігін нәзік гүл тәрізді сәндік элементтер безендірген. Бір қолында мөлдір қолшатыр ұстап, екінші қолындағы пакет арқылы актриса ерекше образ жасап шықты.

Әлеуметтік желі қолданушылары бұл креативті шешімді қызу талқылап, ролик 173 мың лайк пен 20 мыңнан астам пікір жинады. Көпшілігі әзіл-қалжыңға толы пікірлер қалдырды:

  • «Өз пакеттерімді қайдан сатуға болады? Менде олар көп»
  • «Менде де сондай сөмке бар. Енді мен де сәндімін»
  • «Ақыры мен қол жеткізе алатын сән дәуірі келді»
  • «Мағынаны ақшаға сатып ала алмайсың»
  • «Қолөнері ме?»

Әлеуметтік желіде қызу талқыланған образы арқылы Чжан Цзинъи қызыл кілемде есте қаларлық көрініс жасады.