Қарағандыда Серік Сәпиевті жыққыға салды
Қарағанды қаласында Серік Сәпиев пен оның орынбасары, самбодан белгілі спортшы Даурен Есімханов арасында жанжал туындады, деп хабарлайды KazFace.kz.
Оқиға 21 қаңтарда облыстық кешенді мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің аумағында болған. Алдымен ауызша келіспеушілік шығып, кейін төбелеске ұласқан. Нәтижесінде Серік Сәпиев дене жарақатын алған. Аталған дерек бойынша «дене жарақатын салу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қарағанды облысы полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.
Айта кетейік, Серік Сәпиев — 2012 жылғы Олимпиада чемпионы, бүгінде Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметін атқарады.