Жаңалықтар

Атырауда букмекерлік кеңсеге шабуыл жасалды

Атырауда букмекерлік кеңсеге шабуыл жасалды

Дильназ МУРЗАГАЛИЕВА

Атырауда пышақпен қаруланған ер адам букмекерлік кеңсеге шабуыл жасады, деп хабарлайды KazFace.kz. 

Оқиға 3 желтоқсан күні таңғы уақытта болған. Букмекерлік кеңсенің қызметкері полицияға қоңырау шалып, шабуыл туралы жеткізген. 

Тексеру барысында сағат 08:55 шамасында бетперде киген, шамамен 20-25 жастағы ер адам ұйым қызметкерін ас үй пышағымен қорқытып, 143 мың теңге алып, оқиға орнынан қашып кеткені анықталды, - делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Олардың айтуынша, күдікті 25 жастағы қала тұрғыны болып шыққан.

Аталған факты бойынша ҚР ҚК 192-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторында.