Жұлдыздар өмірі

Әнші Димашты PR акцияларға қолданып жүр ме?

Әнші Димашты PR акцияларға қолданып жүр ме?

Балауса ЖАҚСЫБАЙ 

Белгілі журналист Гүлбану Әбенова өзінің фейсбук парақшасында әнші Димаш Құдайбергеннен ақ пен қараны ажыратуын өтініп, қамқорлығын білдірді, - деп хабарлайды KazFace.kz.

Ол Димаштың бронды машиналарды құрастыратын зауытта жүрген видеосын көріп, өз пікірін білдірді. Әншіге әскери техника зауыты не үшін қажет? Әлде, оған PR үшін қыруар ақша төлеген бе?

«Қымбатты Димаш, айналайын, қарағым, мына видеодағыдай ақ костюмыңыз сияқты ақ адал есіміңізге жемқор, байсымақтармен жүріп, кір келтірмеңіз. Олардың киген костюмі сияқты пиғылдары да қара»,- делінген жазбада.  

Сондай-ақ журналист ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек те әншіні «Болашақ» бағдарламасы мен ғылым саласын жастар арасында насихаттау үшін  пайдаланғанын еске салды. Оның сөзінше, әнші өзінің жеке концерттерінің бірінде жиналған жастарды спортпен емес, ғылыммен айналысуға шақырған. Сол үшін Саясат Нұрбек Димашқа «Болашақ» арқылы саяхат жолдамасын сыйлапты. Бірақ, журналист Әбенованың сынынан кейін, әнші сыйлықтан бас тартуға шешім қабылдапты.

«Халық сіздің әр айтқан сөзіңізге иланады. Себебі, сізді жақсы көреді әрі сенеді. Бірақ сіз айналаңыздағы адамдарды мұқият таңдауыңыз керек»,-деп журналист пікірін білдірді. 


Гүлбану Әбенованың сөзінше Барысов мемлекеттен 4,7 млрд. теңге алып, жұмыс техникасын жеткізбей, жауынгерлік модульдерді ауыстырғанын жасыруға тырысқан. Кейін ақаулы техниканы өткізу үшін мемлекеттік органдармен соттасып, ұтылып қалған. Сот одан мемлекетке тиесілі қаржыны қайтаруын талап еткен. Алайда, журналистің айтуынша, бір жылдан астам уақыт өтсе де, ол халықтық ақшаны мемлекетке қайтармапты. Керісінше, ақшаны зауыттың PR жұмысына жұмсап жүргенге ұқсайды. Әбеновасы күдікті істерге сүйене отырып, Димаштан абай болуын өтінді. 

 

«Димаш, алаяқтар мен байсымақтар сіздің тырнағыңызға  татымайды. Ұры, алаяқтарменбайланысып, таза атыңызды ластамаңыз. Бізді жаңа әндеріңізбен, керемет дауысыңызбен жәнешығармашылық концерттеріңізбен қуантыңыз. Сіз Жұлдызсыз! Лас шаңға түспеңіз…», - деп қорытындылады журналист.