Сұхбат KazFace.kz

Қазақстанның ең үздік топ-10 әйелі

Қазақстанның ең үздік топ-10 әйелі

Қазіргі таңда әйелдер қауымы қоғамда ер азаматтардан кем емес белсенділік танытып жүр. Олар мемлекеттік қызметте, кәсіпкерлікте, денсаулық сақтау мен білім-ағарту жүйесінде жемісті жұмыс атқаруда. Осы орайда, көктемнің алғашқы лебімен қоса келетін ерекше мерекенің бірі - 8 наурыз қарсаңында KazFace.kz оқырмандары арасында Қазақстандағы ең үздік әйелдерді анықтаған болатын. 

Сауалнама нәтижесінде топ-10 ең үздік әйелдер қатарына төмендегі нәзік жандылар таңдалды:


1. Бибігүл Асылова
«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған, мемлекеттік қызметте талай жылғы тәжірибесі бар білгір маман. Ол әртүрлі жылдарда экономика саласында еңбек етті. Қазір ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі.


2. Халида Әжіғұлова
Заңгер, құқық докторы (PhD), Оксфорд университетінің түлегі, адам құқықтары жөніндегі сарапшы. Қоғамдағы өзекті мәселелер тұрмыстық және жыныстық зорлық-зомбылық, балалар құқығы, гендерлік саясатты БҰҰ, ЕҚЫҰ, ТМД көлемінде сарапшы ретінде көтеріп, құқықтық сауаттылық жолында талмай еңбек етіп жүр. Ол ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Халық алғысы" президенттік медалімен марапатталған. 

3. Динара Закиева
Көпбалалы ана, VII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі. «Құрмет» ордені иегері. 

4. Бақытжан Төреғожина 
Құқық қорғаушы,  25 жыл бойы адам құқығын қорғаумен айналысып келеді. Жуырда АҚШ Мемлекеттік департаментінің "Батыл әйел" халықаралық IWOC сыйлығының (Әйелдер батылдығы үшін – «Курсив») лауреаты атанды. 

5. Бибігүл Рамазан
Блогер, «Риза Ана» қоғамдық ұйымының басшысы. Кәсіпкерліктің қыр-сырын үйретіп, әйелдер мен жастарға қолдау көрсетеді. Әлеуметтік желіде түрлі өзекті мәселелерді көтереді. 

6. Зира Наурызбай
Мәдениеттанушы, қазақ, түрік мифология бойынша маман, философия ғылымдарының кандидаты (Ph.D), жазушы, қазақшадан орысшаға аудармашы, киносценарист. Ол «Парасат» орденімен, «Алтын барыс» қоғамдық төсбелгісімен марапатталған.

7. Ақмарал Басирова Көпбалалы ана, кәсіпкер. Алматы қаласы Алатау ауданы "Бақытты отбасы" орталығының және «Ag-alem» аналардың құқықтарын қорғау қоғамдық қорының басшысы. Ол қоғамда қиын өмірлік жағдайға тап болған әйелдерге көмектеседі. 

8. Гүлмира Әбіқай 
Журналист, КТК телеарнасының тілшісі, «Дау-дамайсыз» бағдарламасы арқылы өзекті мәселелерді көтеріп жүр. "Жылдың үздік тележүргізушісі", “Тұмар” ұлттық сыйлығының иегері. 

9. Қалима Тәжіқұл 
Тәуелсіз журналист, әртүрлі басылымдар мен телеарналарда қызмет еткен тәжірибелі маман. Қоғамдағы өзекті мәселелер туралы қалам тербейді. 

10. Айман Тұрсынқан
Экономист,  Eximar форсайтинг агенттігінің директоры. Қазақстан экономикасы туралы өзекті мәселелерді көтеріп жүр. 

«Әйел - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді» деп бекер айтпаған. Қазақ әйелдері сонау қиын-қыстау жылдарында елдің еңсесін көтеруге атсалысудан бастап, бүгінде қоғамдық жұмысқа етене араласып, мемлекет ісінде жоғары, жауапты қызметтер атқара жүріп, өздерінің біліктілігімен ерекшелініп, еліміздің даму жолында тың дем беруде. Оған дәлел, біздің үздік деп танылған кейіпкерлеріміз. Олар отбасының ұйытқысы ғана емес, қоғамда бейбітшілік пен тыныштықтың шырақшысы. Бәсекеге қабілетті мемлекет болуға ұмтылып отырған заманда әйелдер қауымының қосқан үлесі шексіз. Олар қоғамның тірегі, мемлекет дамуының тұғыры.