Спорт әлемі

Алдияр Аңсат Әлем чемпионатынан қола медаль алды

Алдияр Аңсат Әлем чемпионатынан қола медаль алды

Италияда шахматтан өтіп жатқан Әлем чемпионатында қазақстандық шахматшы 3-ші орын иеленді, деп хабарлайды KazFace.kz.

Бұл қуанышты жаңалықпен спортшының әкесі бөлісті.
Оның айтуынша, 15 жасар Алдияр 18 жасқа дейінгілер арасындағы ересектер тобында ойын көрсетіп, керемет нәтиже көрсетті. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған 134 шахматшының арасынан суырылып шығып, қола медальге ие болды.


- Бұл жеңіске жеткізген Тимур Турлов бастаған Қазақстан Республикасының шахмат федерациясының  және Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың  қаржылай көмегі. Ерекше қолдау үшін Мурат Абеновке алғысым шексіз! Отбасымыздың атынан сіздерге ризашылығымызды білдіреміз. Алдияр балаларыңыз әлі талай белестерді бағындыратынына сенімдімін!-деді Исатай Аңсат.


Еске сала кетейік, Алдияр биыл көктемде Kazakhstan Chess Cup 2023-те жеңіске жетіп, чемпион атанған. Бұған дейін 16 жастағылар арасында өнер көрсеткен ол, Италияда бағын ересектер арасында сынап көрді.