Билік

Қазақстанда 11 мың шақырым автожол жаңғыртылады

Қазақстанда 11 мың шақырым автожол жаңғыртылады

Балауса ЖАҚСЫБАЙ

Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанның көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамытуға бағытталған негізгі жоспарларды таныстырды, деп хабарлайды KazFace.kz.

Биыл елімізде жалпы ұзындығы 475 шақырым болатын екі теміржол желісінің құрылысы аяқталып, 2,9 мың шақырым теміржол жолы жаңғыртылады. Бұл транзиттік тасымал көлемін 60 пайызға арттыруға мүмкіндік береді. Қытай шекарасынан Каспий теңізіне дейінгі жүк жеткізу уақыты 84 сағаттан 55 сағатқа дейін қысқарады.

Сонымен қатар 11 мың шақырым автомобиль жолын салу және қайта жаңғырту жоспарланып отыр.

Авиация саласында да ірі жобалар іске асады. 2026 жылы Астана әуежайында екінші ұшу-қону жолағының құрылысы басталады, ал биыл шілдеде Алматы әуежайының ішкі терминалының реконструкциясы аяқталады. Бұл әуежайлардың өткізу қабілетін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге авиациялық отын бағасының төмендеуі Қазақстанның әуе кеңістігін шетелдік әуе компаниялары үшін тартымды етті.