Қоғам
10-го марта 2026 г. 15:08
12 наурыздан бастап әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 31-бабына енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Жаңа нормаға сәйкес, жол қозғалысы ережелерін автоматты түрде тіркеу жүйелерінің мүмкіндіктері кеңейтіледі, деп хабарлайды KazFace.kz
Енді жол бойындағы бейнебақылау камералары жүргізушінің рөлде отырып ұялы телефон қолдануын және қауіпсіздік белдігін тақпай көлік басқаруын анықтай алады.
Сонымен қатар жүйе мемлекеттік деректер базаларымен интеграцияланып, бірқатар құжаттық құқықбұзушылықтарды да тіркейді. Атап айтқанда, сақтандыру полисінің немесе техникалық байқаудың болмауы автоматты түрде анықталмақ.
Мамандардың айтуынша, бұл өзгерістер жол қауіпсіздігін арттырып, жүргізушілердің жауапкершілігін күшейтуге бағытталған.