Әлем жаңалықтары

Lufthansa Қазақстан нарығына қайта оралады

Lufthansa Қазақстан нарығына қайта оралады

Lufthansa  әуе компаниясы 2026 жылғы 29 наурыздан бастап Алматы және Астана қалаларына тұрақты рейстерді қайта жаңғыртады, деп хабарлайды KazFace.kz.

Ұшулар Франкфурт-на-Майне қаласынан орындалады. Жалпы жиілігі – аптасына 9 рейс: оның 5-еуі Алматыға, 4-еуі Астанаға бағытталады.

Рейстер шеңберлік (круговой) схема бойынша жүзеге асады. Яғни жолаушыларға тікелей ұшу мүмкіндігімен қатар, Алматы мен Астана арқылы транзиттік бағыттар да ұсынылады. Бұл Еуропа мен Солтүстік Америка қалаларына ыңғайлы қосылуға мүмкіндік береді.

Ұшулар кең фюзеляжды Airbus A340-300 ұшақтарымен орындалады. Бортта бизнес-класс, премиум-эконом және эконом-класс қарастырылған.

Еске салайық, бұған дейін әуе компаниясы 2025/2026 жылғы қысқы маусымда операциялық себептерге байланысты Қазақстанға рейстерін уақытша тоқтатқан еді.