Билік

Конституциялық комиссия «Құрылтай» және «Халық кеңесі» нормаларын талқылады

Конституциялық комиссия «Құрылтай» және «Халық кеңесі» нормаларын талқылады

Конституциялық комиссияның екінші отырысында «Құрылтай» мен «Халық кеңесі» бөлімдері бойынша нормалар қаралды, деп хабарлайды KazFace.kz

Парламент сенатының депутаты Нұрлан Бекназаров қазіргі Конституциядағы «парламент» бөлімін бір палаталы жүйеге көшіру аясында заң қабылдау тәртібі, депутаттардың құзіреті мен өкілеттігіне өзгерістер енгізілетінін атап өтті.

Жобада Қазақстан Республикасының Құрылтайы заң шығару билігін жүзеге асыратын ең жоғары өкілді орган ретінде сипатталады. Құрылтай 145 депутаттан тұрады, олардың өкілеттік мерзімі 5 жыл. Сайлау пропорционалды жүйе бойынша біртұтас жалпыұлттық сайлау округінде өткізіледі. Сонымен қатар, комиссия Құрылтай Төрағасын сайлау тәртібі, депутаттарға қойылатын талаптар мен тыйымдарды талқылады.

Сонымен бірге, Халық кеңесі – жоғары консультативтік орган ретінде ұсынылды. Оның құрамына Қазақстан азаматтары кіреді, құрамы мен қызметі заңмен айқындалады. Комиссия мүшелері Халық кеңесінің қоғамдағы рөлін, елдің бірлігін нығайтудағы маңызын ерекше атап өтті.