Әлем жаңалықтары

АҚШ Ай орбитасына төрт ғарышкері бар «Артемида-2» миссиясын ұшырды

АҚШ Ай орбитасына төрт ғарышкері бар «Артемида-2» миссиясын ұшырды

Балауса ЖАҚСЫБАЙ

АҚШ адамзаттың Айды зерттеу тарихында жаңа кезеңді бастап, Artemis II миссиясы аясында төрт ғарышкері бар пилотты ғарыш кемесін ғарышқа ұшырды, деп хабарлайды KazFace.kz.

Бұл – 1972 жылдан бері алғаш рет адам қатысқан Ай миссиясы.

Ұшырылым Space Launch System зымыран тасығышының көмегімен Кеннеди атындағы ғарыш айлағы аумағынан жүзеге асырылды. Миссия шамамен 10 күнге созылып, ғарышкерлер Жердің серігі – Айды бір рет айналып өтеді.

Экспедиция құрамына NASA астронавтары Рид Уайзман, Виктор Гловер және Кристина Кох, сондай-ақ Канада ғарыш агенттігі өкілі Джереми Хансен енген. Олар Orion кемесімен Ай орбитасына дейін ұшып барып, кейін Жерге оралады.

Бұл сапардың басты ерекшелігі – адамзат бұрын-соңды болмаған терең ғарыш кеңістігіне шығу мүмкіндігі. Миссия болашақта Айға қайта қонуға бағытталған Artemis program бағдарламасының маңызды кезеңі саналады.

Ұшырылым алдында канадалық астронавт Джереми Хансен: «Бұл – бүкіл адамзат үшін жасалып жатқан сапар», – деп атап өтті.